Менің толғауларым
«Өзіңді танып біл, адамзатты танисың.» Бұл төрт сөзде біздің өмір жолымыздың құпиясы жасырылған. Мен өзімді, өзімнің жан-тәнімді, ішкі дүниемді тани алам ба, әлде өзімді осы сұрақтарға жауап іздеп әбігерге салмай, өзім арқылы өзгелерді тануға тырыспай, қаңбақшалдай желдің еркімен өмір уақытымен ұшып өтемін бе.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Ана жүрегі
Ол өте дарынды, ақылды әрі зейінді бала болды, мұны байқаған ата-анасы ұлына бар махаббат пен қамқорлықтарын салды. Оған жоғарғы білім мен тәрбие беріп, оның болашағына, ұлы тұлға болуына үлкен үміт артты, онымен мақтан етуді армандады.
Ұзақ жылдар бойы ерен еңбек еткен бала әйгілі ғалым болды, ал оның көкейінде алып ұшар арман өмір сүрді. Ол тың, өте жаңа нәрсе жасап, күллі әлемді таң қалдырғысы келді. Күш-жігері мен уақытын аямай ол таңғажайып, ғаламат жаңалықты іздеу жолына түсті.
Сансыз тәжірибелер мен зерттеулерден кейін ол мүлтіксіз материяны жасауға жақындады, аяулы арманына жетуге тек бір ғана қадам қалды, ол – ұлы жүректегі ұлы махаббатты құрбандыққа шалу.
Шарасыз болған бала өз ата-анасына келіп, сондай жүректі табуға көмектесулерін сұрады. Ана жүрегінен құдіреті асқан не бар? Біраз кідіріп, ойланғаннан соң асыл ана жолдасына келіп: «Біз ұлымыздың жолында қаншама тер төгіп, күш жұмсадық, енді оның әлемді дүрліктірген ғалым болуына бір ғана қадам қалды, менің жүрегімді ұлымызға бер», -деді.
Бұл әңгіме қысқа ма, ұзақ па созылды, әйтеуір әңгіменің соңында анасы ұлының танымалдығын өзінен артық қалаған ұлдың әкесін көндіре алды. Сөйтіп, әкесі ана жүрегін ұлына табыстады. Бозбала ұзақ ойланбады, себебі оның қол тумасы ойының барлығын жаулап алды.Ол үшін өз мақсатының орындалуы аса маңызды болды. Осылайша, құрбандыққа шалынған ана жүрегі материя жасау үрдісін аяқтады.
Орындалды! Ол тума талант, асқан шебер, әлемді өз жаңалығымен таң қалдырды. Адамдарға әлемді жаулап алу үшін, оны меңгеру үшін жаңа мүмкіндіктер беретін ғажайып материя сыйлады. Иә, ол танымал болды, оның жаңалығы адамзатты дүр сілкіндірді, және барлығы керемет боп көрінді.
Бірақ адамдардың бойындаға ашкөздік, қызғаншақтық пен өшпенділік жаңалықты басқа арнаға бұрды. Бозбала да, берілген еріктен басы айналып өзінің пайдакүнемдігінің жетегінде кетті. Ол жаңа серіктестерімен бірге әлемдегі бар тірі ағзаны жойып, тек материалдық байлықты қалдыратын қуатты қару жасады. Ол шексіз бақытты болды, өзін құдіретті әрі мықты болып сезінді, ал оның жанындағы адамдар оған кішкентай жәндіктердей көрінді. Көптен күткен сәт келді. Қарудың іске қосылуына бірер секундтар қалғанда ол әлемді жалмайтын жарақтың ортасында тулап соққан анасының жүрегін анық көрді. Дәл сол сәтте бозбала осы жарылыспен өз анасының жүрегін де жарып жіберетіндігін түсінді. Алғашқы рет оның қатыгез, өзімшіл жүрегіне балалық махаббат жылуы енді. Бәлкім, сол мезетте ол жасалған іске өкінген болар, бірақ уақытты кері қайтару мүмкін емес. Секундтарды санап өтуде. Қазір барлық тірі жан ажал алдында дүр сілкінетіндей көрінді. Бірақ ештеңе болмады. Жарылыс болмады. Тек екі жүрек соғуын тоқтатты: ана жүрегі мен бала жүрегі. Әлемдегі өмір үшін тоқтаған ананың жүрегі бір кездері ұлы махаббатпен сыйға тартылған бала жүрегін де тоқтатты.
|
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47