RU EN KZ

Ойнап та, ойлап та...

 

Біздің әрқайсысымызда кейде бізді шалғай жастық шаққа, әйтпесе балалық шаққа қайтарып, тым байсалды және қатал бола бермей, кейде өзімізге ерік беріп еркелік көрсетіп, әзілдеп күлдіретін тентек бала отыр.

 

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Даналық туралы мысал

Құдай Тағала Жерде жәннатты орнату үшін алғашқы адамға Даналық белбеуін сыйға тартып, былай деп кеңес берді: «Бұл белбеуді ешқашан тастамай тағып жүр, сонда әрдайым дұрыс шешім қабылдайсың! Ал егер сен одан айырылсаң, ол өзіне берілген қасиетін жоғалтып, ғайып болады». Даналық белбеуінің арқасында алғашқы адам үлкен жетістіктерге жетті. Барлық адамдарды біріктіру, оларды жермен, жұмыспен, алаңсыз бақытты өмірмен қамтамасыз ету, армандарын орындау оның қолынан келді, сондықтан адамдар алғашқы адамды жақсы көрді.
praise-and-worship Өздерінің зор сүйіспеншіліктерін білдіру үшін олар алғашқы адамды тоқтаусыз мақтай берді, көкке көтеріп, қызу сезімнің екпінінде оны тіпті Құдай Тағалаға теңей бастады. Бастапқыда ол мадақтарды қабылдамайтын, бірақ бертін келе, құлаққа жағымды тәтті сөздерге үйреніп те кетті, тағы біраз уақыт өте келе оған халықтың осыншама ыстық ықыласы мен мақтаулары ұнай бастады, ақыр аяғында ол өзінің талассыз дұрыстығына, өзінің бастапқы даналығына және ақылдығына сенді. Содан соң, өзінің ерекшелігіне берік иланып, алғашқы адам Құдай Тағала сыйлаған даналық белбеуін шешіп тастады. Ол өзіне сенімді болып, өз ақылымен өмір сүруді бастады.
15.02.2011-ogeorgiy_breev_03 Ең алдымен, алғашқы адам өзіне тәттірек және көберек мақтау айтып, оның күн іспеттес екендігін алға тартқан адамдарды жақындатты. Оларға өзінің сенімін сыйлады, билік берді, және сол жағымпаздардан тараған алдамшы мәртебенің сәулесіне батып, алғашқы адам өзін шынайы жақсы көретін, сүйетін өзге адамдарды ұмытты. Өзі сенген адамдар ақырындап билікттің дәмін татқаннан соң, шексіз баи түсті, өзгелердікін тартып алып, адамдарды кемсітіп, қанады. Және бұл іс күннен-күнге бұдан да үлкен ауқымда қайталана берді, ал адамдар осындай жағдайға үйреніп кетті, оларға бұл мәңгілікке созылатындай көрінді.
Алайда бір күні адамдардың шыдамы шегіне жетті. Олардың барлығы бір адамдай қатыгездікке, озбырлыққа қарсы тұрып, өздерінің наразылықтарын білдіріп, сыбайлас жағымпаздардың тобы мен өздері сенген алғашқы адамды жауапқа тартты. Сонда ол өзімшілдік екпінінде үстінен шешіп, лақтырып тастаған даналық белбеуін есіне түсірді, және оны жанталасып іздей бастады, бірақ текке әуре болды. Шектеусіз мадақтарға қақталып, тұрып қалған алғашқы адамның миы бұл істе көмектесе алмады. Тығырыққа тірелген соң, ол қате шешімдерді бірінен соң бірін қабылдай берді, ақыр соңында адамның барлығы оған деген сенімдерін жоғалтып, алғашқы адамды сыбайластарымен бірге тарих толқынынан лақтырып тастады.
Сол кезден бері Құдай Тағала Даналық белбеуін ешкімге бермейтін болды. Ол тек қана өзін және өзін қоршаған әлемді танып-білуге құштар және сол алған білімін халыққа беруге ұмтылған жандарға даналықтың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

 

 

 

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов