Ойнап та, ойлап та...
Біздің әрқайсысымызда кейде бізді шалғай жастық шаққа, әйтпесе балалық шаққа қайтарып, тым байсалды және қатал бола бермей, кейде өзімізге ерік беріп еркелік көрсетіп, әзілдеп күлдіретін тентек бала отыр.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Жалаңаяқ бала дәурен- өмір бұл
Жалаңаяқ бала дәурен- өмір бұл, Теріп жүрмін тіршіліктің дерегін. Күн шыққанда аспан жүзі көгілдір, Үңілем де өзімді -өзім көремін. Ауыл. Дала. Әлем-жәлем - түс кілең, Еске аламын ет жүрегім езіліп... Жүгіремін жылы құмның үстімен Сабыр кетіп –сағынышым сезіліп. Ауыл біздің ауасынан бал тамған, Періште емес, бір уақыт пенде боп. Жасыл белде жатамын да шалқамнан Өзіме-өзім таңқаламын-«Мен бе?!» деп. Жазғы жаңбыр шалшық суын қалдырып, Кешем соны жалаңаяқ сол себеп. Қарлығашқа жанарымды талдырып, Көп қараймын жазға дейін келсе деп.
Нұр шашырап аспанымда күн күлсін, Күтсең қандай тағатың да таусылып. Әлде сені,әлдилейме,кім білсін, Кемпірқосақ құшағына қаусырып.
Өтті күндер өте қатты зымырап, Көнбейді оған тіршіліктің ауаны. Балалық шақ бара жатыр бұлдырап,
Шешілмеген жұмбағы мен жауабы.
Аударған C.Тұрғынбеков 23.12.2012ж.
|
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47