Махаббат
Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Құмарым қанбай Сұлулық тұнған мүсінге, Қай жаққа бағыт алайын, Зағиппын, өң бе, түсім бе?
Күннің де күңгірт сәулесі, Жасырар нұрын Ай түннен. Айқара ашып құшақты, Сүйеуім болшы бұл күннен.
Пенделік сайран, сауықтан, Пайдасыз ермек, айыптан Мәңгілік ада болайын, Жаныңнан пана табайын.
Сүйсінем талмай жанарым, Жиілеп жүрек қағады.
Мендегі сезім жанады.
Үміттің жұтып бал суын, Көңілге қуат алайын. Тек маған құмар болсын деп, Нөсерлеп көктен жауайын.
Тән менен жаным сен дейді, Болмысымменен қабыл ал. Махаббат оты сөнбесін, Құшағыма еніп, жалын ал.
Жанымды жалғыз қалдырма, Бақытым сенің қолыңда. Өзіңмен мәңгі болайын Сезімнің адал жолында.
Аударған Ш. Мустапина 06.02.2014ж.
|