Махаббат
Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Бір күні түнде түсімде көрдім Бір күні түнде түсімде көрдім, Бәлкім айтпақ болдың ба екен мұңыңды. Жайылған кілем-үстінде төрдің, Періштедей естіп қалдым үніңді.
Сүйкімді сондай жұмбақ боп нұрың, Жан ләззәтын алдым мен де сол шақтан. Елестеп бейнең алдымда тұрды, Қандай бақыт жүрегіңе жол тапқан.
Өтсе де жылдар, келемін саған, Өзге емес өз жолымды іздеумен. Арнаған жырым-өлеңім саған, Бір қуаныш күтеді жұрт біздерден.
Оңынан бір күн туады айым, Қарай берем жанарымды талдырып. Күтемін сені төсегім дайын- Қаласың сен осы арада мәңгілік.
Аударған C.Тұрғынбеков 23.12.2012ж.
|