«Рухани Келісім Конгресі»
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РУХАНИ КЕЛІСІМ ҚОЗҒАЛЫСЫ
«Қазақстан-2030» Стратегиясының 10-жылдығына арналған конференцияда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деп айтты: “Қазақстан бүгін маңызды халықаралық мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталықтарының бірінің қызметін атқарып отыр. Біз әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткіземіз. Қазақстанның бұл міндеті өзге елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау табуда”.
Аталмыш үдеріске Рухани Келісім қозғалысы да өз үлесін қосуда.
Қазақстанның егеменді, зайырлы және демократиялы ел ретінде пайда болғанына бір жыл толмай тұрып, 1992 жылдың қазан айында, Алматыда Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өткізілді. Конгресс әртүрлі конфессиялар, рухани мектептер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерін жинады.
«Діни сыйластық үшін! Іріткісіз айырмашылықтар үшін! Мейірімділік жолында бірге қызмет ету үшін!» – бұл ұстанымдар Рухани Келісім Конгресінің жұмысына негіз болды.
Конгрессте қабылданған манифесте оның қатысушылары 18 қараша күнін жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий, адамдар арасында өзара түсіністік, рақымшылық және жақыныңа көмек көрсету күні деп жариялауға шақырды. Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің бастамасымен қазақстандық күнтізбеге қоғамдық маңызы бар күн – Рухани Келісім Күні енгізілді.
Аталмыш мереке ұйымдастырушыларының қатарына Қазақстан халықтар Ассамблеясы, «Рухани Келісім Конгресі» Халықаралық қоғамдық қоры және «Мәдениет арқылы бейбітшілік» Халықаралық ассоциациясы кіреді. Бұл іс-шараға ҚР мемлекеттік органдары және, ең алдымен, Әділет министрлігінің діндер туралы Комитеті толық қолдау көрсетеді.
Бір күннің шеңберіне сыймай, кейде бір аптаға созылатын кең ауқымды акциялар төмендегілерді қамтиды:
- салтанатты түрде құдайға құлшылық ету, бейбетшілік пен келісім жайлы барлық мешіттерде, шіркеулерде және түрлі конфессиялардың ғибадат үйлерінде дұға тілеу;
- қайырымдылық іс-шараларын өткізу, қоғамның аз қамтылған, тұрмысы нашар халқына көмек көрсету;
- мемлекеттік орган өкілдерінің, қоғамдық, діни жіне ұлттық-мәдени бірлестіктердің, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «дөңгелек стөлдер» өткізу;
- классикалық және рухани музыка, тақырыптық кітаптар және өзге де өнер туындыларының көрмелерін өткізу және т.б.
2005 жылы бас мемлекеттік телевизиялық арналарда – «Қазақстан» және «Хабар» телеканалдарында Рухани Келісім Күніне арналған төрт сағаттық марафон өткізілді.
Жыл сайын қазан айының екінші онкүндігінде әлемнің әртүрлі елдерінен біздің пікірлестеріміз бен жақтастарымыз Астанада жиналып, қазіргі заманның ең шиеленіскен, әрі шешімге зәру мәселелерін талқылап, сол шешімдерді іске асыруда ат салысады.
Соңғы жылдары ой елегінен өткен тұрмыс пен руханилық мәселелерінің ішінде «Әлемнің болашығы - өркениеттер мен діндердің келісімінде», «Тарихи, мәдени және діни дәстүрлер – Еуразия халықтарының рухани келісімінің негізі», «Толеранттылық арқылы – рухани бірігуге», «Руханилық пен мәдениет экстремизм мен терроризмге қарсы», «Қазіргі заманғы ұлтаралық және конфесияаралық келісімді сақтау және бекіту жолдары» тақырыптары да болды.
Бұл мәселелердің өзектілігі әртүрлі мәдениет пен діндердегі адамдардың рухани бірігуі жекеленген мемлекеттердің ғана емес, әлемнің ірі аудандарының тұрақты, әрі бекем дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық фактор екендігімен айқындалады.
Өкінішке орай, осы уақытқа дейін адамзат әлемдік көзқарас сұрақтарын шешуде күштік әрекеттерді – моральдік қысымнан бастап физикалық жойып жіберуге дейін – теріс пайдалануда. Бұл тұрғыдан алғанда, ащы мәселелердің шешімін табудың ең оңтайлы жолы – сұхбаттасу, өз көзқарасыңның жалғыз мүмкін шешім екендігін дәлелдеуге тырыспай сұхбаттасу, ой алмасу.
Астана қаласындағы Еуразиялық Ұлттық университетке атын берген, қазақ даласында үлкен құрметке ие, көрнекті орыс ғалымы Лев Николаевич Гумелевтің мынандай тамаша сөзі бар: «Адамдардың барлығын өзіңе ұқсатуға тырысу дұрыс емес, олармен келісімде өмір сүруді үйрену керек».
Еуразия халықтарының ортақ мүдделері – халықтар арасында тарихи қалыптасқан барлық айырмашылықтарды сыйлау негізінде, дінді құрметтеу мен барлық діндерге ортақ этикалық ұстанымдар негізінде бірлікке жетудің жолдарын іздеуде.
Біздің түсінігімізде рухани келісім ешқандай да бірыңғайлықты, унификацияны, жалпыға ортақ дінді білдірмейді. Бірақ біз діндерде бір-біріне қарама-қайшылықтарды емес, оларды біріктіретін бастаманы іздеу жолында біргеміз. Өйткені барлық діндер қарапайым және әлемнің барлық адамдарына түсінікті ұстанымдарға негізделеді: өз жақыныңды сүю, көмекке зәру адамдарға жәрдем беру, кедей мен пақырға қолғанат болу, мәңгі өсиеттерге сүйеніп өмір сүру. Сол руханилықтың кеңістігі адамдарды біріктіретін, барлығына бірдей сфера болып табылады.
Кез-келген түрдегі озбырлыққа қатаң қарсылық бізді бірлестіреді. Нағыз сенімнің озбырлыққа, өшпенділікке, ксенофобияға және терроризмге тіпті ешқандай қатысы жоқ. Аяқ басқан жаңа мыңжылдық адамдықтың, діни сыйластықтың, ізгілік пен рақымшылықтың жеңісімен есте қалуы керек.
Біз Рухани Келісім қозғалысының рөлі мен маңыздылығы еліміздің Президенті тарапынан жоғары бағаланғандығын мақтан тұтамыз. Ол ұлттар мен діндерге жіктемей, Рухани күндердің қатысушылары мен барлық қазақстандықтарға сәлемін жолдап, өзінің ресми резиденциясында Рухани Келісім Конгресінің делегациясы мен «Бейбітшілік арқылы әлем» халықаралық ассоциясын қабылдады.
Тек адамның рухани-өнегелік жолында қайта өмірге келуі әлемді құрдымнан құтқаруы мүмкін. Біз әлемді рухтандыру бүгінгі күннің де, болашақтың да адамдарының атқаруға тиіс міндеті екендігіне сенімдіміз. Біз материалистік дәуірдің жетістіктерін сақтай отырып, бұрынғы өмірдің негізіне жан-дүниеден этико-адамгершіліктік, бұрынғы негізге бекемірек іргетас болатын тұрақтыны – Рухани Мәдениетті қосуымыз керек. Бұл жаңашылдықты түсініп, қабылдау үшін барлығын тек қана рухани үндеуге шақыру қате. Олармен тарихи өзгеріс жасау мүмкін емес. Адам санасында мінсіз әрі үйлесімді бірлікте өмір сүрудің идеясына эволюциялық серпіліс жасау қажет.
Осы мақсатпен 2010 жылдың қазан айында Қазақстанның Елордасы – Астана қаласында Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан қолдау тапқан бұл іс-шара әлемнің 70 елінен 500-ден астам интеллектуалды элита өкілдерін жинады.
Форум әлемдік қоғамның назарын жан дүние мен моральдік ұстанымдардың терең тоқырауын жеңудің өмірлік маңыздылығына аударды. Ол барлықтарын өздерінің ішкі күштері мен физикалық мүмкіндіктерін жинап, оларды адамдар арасында, Ғарыш пен Табиғат арасында, мемлекет, әлемдік қоғам мен халықтар арасында, адам мен Жоғарғы Әлем арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға бағыттауға шақырды.
Форум қабылдаған резолюцияда жаңа заман даналыққа, ізгі ниетке, махаббатқа, қайырымдылыққа, мінсіздікке, рухани ақиқат нұрының тізгінін көтерген, әрі адамзат санасын арайландыратын тазалыққа жүгінуді талап етеді. Біздің әлем лайықты негіздерде нық тұру үшін барлық адамзаттың санасы бір ағзадай ашылып, Рухани Мәдениет құндылықтарында қайта жаңаруы керек.
|