Махаббат
Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Терең ойлар түйіні 1![]() Өткеннің есігін қайта ашу мүмкін емес, жадыңның көмегімен ғана оған әлсін-әлсін көз жүгірте аласың.
![]() Түсініспеушілік – ешқашан алынбас әрі еңсерілмес қамал.
![]() Материалдық байлықтарды жинау барысында адамның жаны кедейлене түсетіні өкінішті-ақ..., себебі дене топыраққа сіңіп жоқ болады, ал жан – мәңгілік.
![]() Айтылмаған сөз – тордағы құспен тең.
![]() Құдай – жәннатты, ал адам тозақты жаратты.
![]() Әркімнің өмір жолы әрқилы, тек ғұмырдың соңы барлығында біреу.
![]() Әуен – құдайдың тілі, себебі дәл әуенде оның өсиеті төгіледі.
![]() Ең қымбат қазына – ілім және жиналған білім.
![]() Жүрегіңнің қанатын жай, сонда жаның жадырап көкке самғайды.
![]() Құдайды көру қаншалықты мүмкін емес болса, соншалықты одан жасырыну мүмкін емес.
![]() Алтын тордағы құс алтынға малынып өмір сүреді, алайда еркіндікпен аспанда қалықтап ұша алмағандықтан, құс болудан қалады.
![]() Орында тұрған сүрінбес.
![]() Әркімде жүрек бар, бірақ барлығында ол құдай сыйлаған жанмен бір ырғақта соға бермейді.
![]() Даналық жағалауы – білім мұхиты мен еңбек тауларының арғы жағында.
келесі бет>>>
<<<артқа |