RU EN KZ

Махаббат

 

Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Терең ойлар түйіні 5

1_12.jpg

 

 

Арманың ұшу болса, жылдам жүгіруді үйрен.

 

 


  2_14.jpg

 

 

Дәулет – тот, адамды ішінен жеп, қуыс кеуделі жанға айналдырады.

 

 


 

3.docx.jpg

Сақталған мерзімі ұзағырақ болған сайын шараптың құндылығы артады, білімі тереңірек болған сайын адамның даналығы артады.

 


 4_6.jpg

 

Даналық – ақылдың белгісі емес, ақиқаттың көрінісі.

 

 


  5_5.jpg

 

 

Өзің сенбегенді терістеме, өйткені ол ақиқат болуы мүмкін.

 

 

 


  6_5.jpg

 

Сараңдықтың бағасы жоқ, себебі ол өлшеусіз, ал мейірбандық, адамдықпен өлшенетіндіктен, құнды.

 


7_6.jpg 

Мәңгіліктің екі санаты бар, олар – жұмақ пен тозақ, ал өмір бұл екеуінің арасындағы уақытша тұрақ.

 


8_5.jpg  

 

Еңбектеп жүрген ешқашан құламас – ол биікте ұшудың не екендігін де білмейді.

 

 


 

9_2.jpg

 

 

Ой мен идея найзағай іспеттес, адамға кенеттен келеді, оған тек екі негіз керек: білім және тәжірибе.

 

 


  10_3.jpg

Тарих – деректерді сапырыстыратын ғылым, ойын үстеліндегі үздік шулер сияқты әрдайым мықтының мүддесін қорғайды.

 

 


11_1.jpg  

Даналық – ақылдың белгісі емес, ол жоғарырақ әрі тереңірек, онда адамның құдіретті негізі, оның нағыз тағдыры жасырылған.


 

12.jpg

 

 

 

Сәтсіздіктеріңнің себебін өзгелерден іздеме, өзгелермен сәттіліктеріңнің мүмкіндіктерін ізде.

 

 


 13_1.jpg

 

Бір тасқа екі рет шалынба, бірінші рет сүрінген соң, оны жолыңнан алып таста.

 


 

14.jpg

 

 

Бір өзенге екі рет кіру екі рет дүниеге келгеннен оңайырақ.

 

 


  15.jpg

 

Әшкерелейтін ақпараттар іздеу әлсіздер мен қызғаншақтардың ісі.

 

 


16.jpg  

Бақыт құсын қолмен ұстау мүмкін емес, егер еңбекқор әрі төзімді бола білсеңіз, ол өзі келіп иығыңызға қонады.

 

 


 

17.jpg

Ертегілер арманшыл болуды, мысалдар ойшыл болуды, мақал-мәтелдер дұрыс өмір сүруді, ал барлығы бірге дана болуды үйретеді, ал мұның барлығын бойға сіңіру тек білімге құмар адамның қолынан келеді.

 


 

18.jpg  

 

Поэзия – сөз әуені.

 

 


 

19.jpg

 

Ашу үстіндегі адам жанартау сияқты, тек жанартау сыртқа бұрқап ағар лава шығарса, адам өзіне симай бара жатқан сезімдерін шығарады, бірақ кейде ол жазықсыздардың төбесіне жай боп түседі.


 

  20.jpg

 

Әлем компьютер экранының өлшеміне дейін кішірейген сияқты, бұл бір уақытта адамның мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны компьютердің мүмкіндіктеріне тәуелді етті. 


<<<артқа

келесі бет>>> 

 

 

 

 

 

 
Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов