RU EN KZ

Менің толғауларым

 

«Өзіңді танып біл, адамзатты танисың.»

 

Бұл төрт сөзде біздің өмір жолымыздың құпиясы жасырылған. Мен өзімді, өзімнің жан-тәнімді, ішкі дүниемді тани алам ба, әлде өзімді осы сұрақтарға жауап іздеп әбігерге салмай, өзім арқылы өзгелерді тануға тырыспай, қаңбақшалдай желдің еркімен өмір уақытымен ұшып өтемін бе.

 

 

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Өтіп жатыр, өтіп жатыр жыл жылдам

убегают годы Өтіп жатыр, өтіп жатыр жыл жылдам,

Адымдайды алғы күнге асығып.

Артыңдағы ісің болса тындырған,

Өткен күннің көмбесінде жасырып.

 

Туған күнің тірлігіңді сездіріп,

Болашақтың биігіне қаратқан.

Бірге жүріп,

Бәріне де төздіріп,

Тағдыр бізді мықты қылып жаратқан.

 

Бұл өмірдің қатал қысы, аптабы

Көрсеткендей біраз азап, көп қызық.

Әрбір күнді, әрбір айды, аптаны,

Қатар жүріп, қуанышпен өткізіп,

 

Бара жатыр жылдар ұшып, қайырылмай,

Артымызда көктем қалып, күз қалып,

Жүре алмаймыз қуанбай да, қайғырмай,

Жадымызда жалғыз сызат – із қалып.

 

Жылдар, күндер, ай мен апта, аз ба күн,

Уақыт шіркін, бір қалыпта тұрмайды.

Көресің тек маңдайыңа жазғанын,

Өмір деген – бір қуаныш, бір қайғы.

красивый цветок

Аударған C.Тұрғынбеков

 23.12.2012ж.


 

келесі бет>>>

<<<артқа

 

 

 

 

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов