Композитор, ақын. ҚР-ның Мемлекеттiк Сый ақысының лауреаты, профессор, Халықаралық "Әлем мәдениет арқылы" қауымдастығының Президентi, Бүкiләлемдiк Рухани Мәдениеті Форумының тең төрағасы. 2012 жылдың 31 қазанынан бастап "Астана Опера" Мемлекеттiк опера және балет театрының бас директоры.
"Рухани Келiсiм Конгресi" Халықаралық Қоғамдық Қорының Президентi. ҚР-ның Қазақстан Федерациясы Шинкиокушинкай Каратэнің Президентi, ҚР-ның "Пиротехниктер Қауымдастығының" президенті. Үйленген, 4 баласы бар. Жұбайы Нұржамал Үсенбаева ҚР, Татарстан Республикасының Халық өнер шеберi, ҚР-ның Мемлекеттiк сый ақысының лауреаты..
2014 жылғы 18 қазанда Рухани келісім күнін мерекелеу аясында өткізілген "Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті" халықаралық конференциясында Төлеген Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалімен марапатталды.
Құрметті қауым, отандастар!
Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын мейрам - Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 шілде күні Астана күніне арналған салтанатты қабылдау кезінде Төлеген Мұхамеджановқа "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын берді.