Пастораль
Біз жерде өткізетін қамшының сабындай қысқа ғұмырымыздың сұлулығын сезіну үшін Жаратушымыздан қоршаған әлемдей, оның асқар таулары, өзен-көлдері, қалың ну ормандары, тұлпар тұяғын тоздыратын қыраттары, қарқынды және тынық өзендері, көгілдір және жұлдызды аспаны түрінде сый алдық.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Жан туралы
Құдай алғашында Жер шарын, ғаламшарларды, жұлдыздар жүйесін, олардың қозғалыс орбитасын жаратып, кері санайтын уақытты іске қосты. Мұның барлығы одан көп күш жұмсауды қажет етті, кейіннен Ол дем алуды шешті. Тынығу үшін Құдай назарын күн жүйесіне, оның ішіндегі көгілдір ғаламшар – Жер шарына тоқтатты. Демалыс нәтижелі өту үшін Құдай Жерге өмір берді, әр алуан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және тірі жанды жаратты, соңғысына Жерді одан да көркейту үшін сана берді. Осылайша, адам пайда болды.
Құдай алғашқы адамды жарату барасында оны рухани бай етуді мақсат етті. Ол үшін адамға қанат беріп, көкте самғағанда қоршаған әлемнің таңғажайып әсемдігін көретіндей мүмкіндік берді, сол табиғат сұлулығын сақтау үшін өз өктемдігін асыра қолданудан сақтанып, адам әлемді құтқаруға тиіс еді. Адам баласы жердегі өмірге тез үйренді. Сөйтіп, өзіне тарту етілген сыйды жеке басының мүддесіне қарай пайдалана бастады, ал биіктікте қалықтау оған бұл істе жаңа көкжиектер ашты. Адам бүкіл жануарлар мен өсімдіктер дүниесін жойып жібере жаздаған кезде, Құдай өз сыйын қайтарып алды.
Жаратушы ұзақ уақыт бойы адам жануарға айналып кетпес үшін бұрынғы сыйдың орнына не тарту етсе екен деп көп ойланды. Ұзақ толғаныстан кейін, Ол адамға оның айырмас бөлігі, онсыз өмір сүре алмайтын, оны басқа тірі жандардан биіктететін сый беруді шешті. Ол сый – Жан болды.
Сол сыйдың көмегімен адам өзін Жаратушыдай сезіне алды. Ол ән-күй, өлең жолдарын жазып, әлемдік танымын, өмірлік көзқарасын қағазға бетіне түсіріп, елге жеткізді, толғанып, ойланып, беймәлім жаңалықтар ашты. Шексіз алғыстарын білдіру үшін, өзіне тарту етілген ұлы сыйы үшін адам Құдайды мадақтап, биіктетті, мінәжат жасайтын орындар салып, артынша діндерге ұласқан жазбалар жазып, адалдық пен айнымастыққа серт берді. Құдай адамға сенім артты. Оның берген серттеріне, оның ерекшелігіне, оған берілген рухани құндылықтардың мәңгіліктігіне сеніп, өз жеңісіне қуаныш үстінде Өзі адамның жаны болуға шешті. Иә, бұл ғажайып болды.
Бірақ Жер бетінде адам саны көбейе берді. Әрбір адамға өзінің кішкене бөлігін беріп, Жаратушы жер шарында өмір сүретін миллиондаған адамдардың жүректерінде еріп кетті. Уақыт өте келе сансыз адамдарды бағыттау қиын болғанын түсінген Құдай тағы бір рухани шың – Арманды сыйлады, адамға оған жету оңай болмас үшін, оны тіпті қол жетпестей етті. Сонымен, Арман көзге көрінбейтін құштарлық пен бақыт құсына айналды.
Ол өте биікте қалқыды, адамға өзінің келесі қонысын анықтауға мүмкіндік бермей, жебемен дәл тиіп, оған оңайлықпен қол жеткізбес үшін ұшу бағытын жиі ауыстырды. Арманға жету үшін адам сансыз күш жұмсап, ұзақ жылдар бойы игі мақсат жолында талассыз, қажырлы еңбек етуі қажет еді, тек сонда ғана Арман сол адамның басына бақыт құсы болып қонады.
Барлығы да жақсы болар еді, бірақ бұл жерде де адам айласын асырды, Арман түсінігінің өзін бұрмалап жіберді, өте биік рухани түсініктен жеңіл, қол жетімді, ең негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырады. Ал миллиардтаған жүректерде таралып кеткен Құдай әккі, әрі епті болған адамның қалыптасуы мен дамуына тек үнсіз куәгер болып қала берді, және ең бастысы, оның алғашында берген адалдық пен айнымастығына сенімі ұмыт қалды.
Ал адам өз қажеттіліктерінің балшығына тереңірек батты, рухани сұрақтар, рухани құндылықтар оны мазаламай кетті. Олар тек кезекті қаржы жинау мүмкіндігі, мансапқұмарлығын қанағаттандыру құралы, аукционда ашықтан-ашық сатылымға түсетін, ақшасы болса, қалаған адам сатып алып, мінсіздікті иемдене алатын тауар болды. Жанды еске алуға адамның уақыты да, қалауы да болмады, ал Құдайдың үйі алауыздықтың ошағына, бір діни адамдардың екіншілеріне іріткі салатын орнына айналды, ал саясат негізгі мақсатты – адамның Жанына – Құдайға қызмет етуді алмастырды. Адамдардың құмарлық мұхитында ғайып болған Құдай адамды оның бастауына, оның Жанына қайтаруға тырысты, бірақ сауатсыздық құлпының астында қамалған адамдардың жүректері мұның жол алуына мүмкіндік бермеді. Ал Арман ашкөздікке байланып қалды, ол адамдардың неғұрлым көп материалдық байлық жинауына ұмтылысында көрініс тапты, алайда руханилыққа қызмет етуден қалды. Барлық материалдық байлыққа үміттілерге дәулет көлемі жетіспегендіктен, мұның соңы адамдардың таптарға бөлінуімен аяқталды, біреулердің дәулеттілігі мен басқалардың пақырлығы қоғамның ең бір осал тұсы, ерте ме кеш пе оның ең қымбат дүниесін – өмірін тартып алуға шамасы келетін шешімі жоқ мәселе болды. Мұның барлығы адамның Жерге деген дөрекі қарым-қатынасымен ушыға түсті.
Бірақ Жер де табиғи байлықтарын шексіз тонаудан, қажетсіз үлкен жобаларды іске асыру үшін одан өмірлік нәрін толассыз сорудан қажыды, бітпейтін соғыстардан жараланды, сырттан ешкім бөгет болмаса, құрып, өзімен бірге бар тіршілікті құрдымға әкетуі мүмкін болды. Сонда "Не істеу керек?"
Жауап жалғыз. Құдайды қайтару. Оған деген сенімді, нағыз махаббатты қайтарып, бір-біріміздің жүректерімізге жол ашып, миллиардтаған көрінбейтін байламдарды Жаратушыға қарай созу – оған өзімшілдігімен құлыпталған сауатсыздық пен ашкөздіктің терең зынданынан шығуға көмектесетініне шүбә жоқ. Сол кезде Құдай оралады, онымен бірге адамға өзін-өзі іздеу жолындағы қателіктердің шиеленіскен жолдар торабында адасып қалған Жан да, Арман да қайта оралады. Иә, ғажайып болады. Бұл біздің қолымызда, біздің жүректерімізде, ендеше бір-бірімізге жүректерімізді айқара ашайық. |