Менің толғауларым
«Өзіңді танып біл, адамзатты танисың.» Бұл төрт сөзде біздің өмір жолымыздың құпиясы жасырылған. Мен өзімді, өзімнің жан-тәнімді, ішкі дүниемді тани алам ба, әлде өзімді осы сұрақтарға жауап іздеп әбігерге салмай, өзім арқылы өзгелерді тануға тырыспай, қаңбақшалдай желдің еркімен өмір уақытымен ұшып өтемін бе.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Адам жайлыӘлемде орын алған жағдайларға зер салып қарасаң, амалсыздан адамға қатысты қайғылы ойларға келесің. Адам деген кім? Неліктен оның даму тарихында жойқын соғыстар мен қиратулар қатар жүреді. Неліктен өзге адамдарды жоюға арналған қарулар күрделірек әрі қуаттырақ болып жасалуда? Адам баласында мұндай қаталдық пен өшпенділік қайдан пайда болды? Бұл және басқа да сұрақтарға нақты жауап бар ма? Сірә, жоқ шығар. Тек келесідей болжам жасауға болады. Адам – жануарлар дүниесінің дамуының ең жоғарғы формасы, сол себепті кейде оның бойынан жеке бір жануарларға тән қасиеттердің анық көрінуі заңдылық. Біреулер мұны бос сөз деуі мүмкін, әйтсе де, өзімізді және айналамыздағы адамдарды мұқият бақылайықшы, сонда біз көптеген қызықты жайттарды аңғаратын боламыз. Кейбір адамдар өздерінің іс-қимылдарымен, қылықтарымен белгілі бір жануарды не болмаса құсты есіңізге салмай ма? Сіз иә дейсіз. Бірақ мұны тек кездейсоқтық немесе теңеу ретінде қабылдап, бұл орайда еш заңдылықты мойындамайтын боларсыз. Бір адамдардың батылдығы мен ержүректілігін ерекшелеу үшін оны бүркітке, қулығы мен айлакерлігін көрсету үшін түлкіге теңейміз, ал кейбіреулердің қырсықтығы мен ақымақтығын айқындау үшін оны теке мен есекке ұқсатамыз және тағы басқа. Бәлкім осы болжаммен өздерінің не істеп не қойғандығын аңғармай, ащы уымен өзгелерді сұм ажалға қиятын жылан тәріздес адамдардың қайдан туатындығын түсіндіруге болатын шығар. Адамдарды өлімге қию үшін оларға себептің де қажеті жоқ, тек өлімнің өзі үшін ғана олар кез келгеннің өмірін қыршыннан қиюға даяр. Жоқ, әрине адамдар мұндай болып туылмайды, олар өсе келе айналадағы дүниені өздерінің жұтаң жандары арқылы қабылдап, бойына ашу мен өшпенділікті сақтап, сол ашу толығымен жүрегін шірітіп жібергеннен соң пайда болады. Бір кездері жүрегінде бүлк еткен сол жыландық бой түзеп, ақылға сыймайтын әрі түсіндіруге болмайтын нәтижеге жеткізуі мүмкін. Әйтпесе азғындардың бейкүнә адамдарды жаппай қастандықпен қыруды, балалар мен әйелдерге жәбір көрсетулерді, кей кездері әлемдік ауқымға дейін жеткен адамзат тарихының басынан кешірген жойқын соғыстарын, адал ниетті жамылып, бүтіндей өркениеттерді жойып жіберген халыққа деген қастандықтарды немен түсіндіруге болады? Кейбіреулер: «Неткен аңғалдық»,- деуі мүмкін. Иә, келісемін, бірақ адам баласының жануарлардың жеке түрлеріне деген шамадан тыс ықыласының қайдан пайда болғандығын айтыңызшы? Әркім жеке бір жануардың түріне ерекше қамқорлықпен қарайды, бұл ықылас барлық жануарлар әлеміне бірдей емес, сондықтан мұны әрбір адам табиғаттан «өзін» іздеуімен сабақтастырса болады. Осы арқылы адам өзін тануға, өзінің тағдырын, осы өмірге келу себебін түсінуге тырысады. Сондықтан, әркім өз бейнесін қоршаған табиғаттың ең асыл, әділетті, адал және ізгі көріністерінен іздесе екен деген игі тілегім бар. Бәлкім сонда озбырлық пен қастандықтан туындайтын қайғылы жайттар өмірімізден жойылатын болар, және біз Жер ананың бізге сыйлаған өмірлік демін бар кеудемізбен алатын боламыз! |
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47