Өзім туралы қысқаша деректер.....
![]() Төлеген Мұхамеджанов
Композитор, ақын. ҚР-ның Мемлекеттiк Сый ақысының лауреаты, профессор, Халықаралық "Әлем мәдениет арқылы" қауымдастығының Президентi, Бүкiләлемдiк Рухани Мәдениеті Форумының тең төрағасы. 2012 жылдың 31 қазанынан бастап "Астана Опера" Мемлекеттiк опера және балет театрының бас директоры. "Рухани Келiсiм Конгресi" Халықаралық Қоғамдық Қорының Президентi. ҚР-ның Қазақстан Федерациясы Шинкиокушинкай Каратэнің Президентi, ҚР-ның "Пиротехниктер Қауымдастығының" президенті. mr.tolegenm@mail.ru Төлеген Мұхамеджанов ғаламторда
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
ӨмірбаянМұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы - симфония, опера, камералық шығармалар жазған. Сан алуан киноларға, театралдық қойылымдарға, әндер, романстар, танымал аспапты музыкалары бар. Ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы.
Мұхамеджанов Төлеген Семей облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Беген ауылында дүниеге келген.
Әкесі Нұрсейітов Мұхамеджан, анасы Забиева Сапура. Музыка пәнінен дәріс берген тұңғыш мұғалімі Теміржан Базарбаев.
Крупская атындағы Семей педогогикалық институтының түлегі (мамандығы тарихшы)
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда танымал сазгер Ғазиза Жұбановадан композиция сыныбында дәріс алған.
Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында композиция сыныбының аспирантурасын аяқтаған.
Музыканы 12 жасынан бастап жаза бастады. Төлеген Мұхамеджанов 20-дан астам кинофильмдерге музыка жазған. Сазгердің шығармаларын есімі елге танымал әншілер орындауда, олардың қатарында; Роза Бағланова. Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова,Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Ирина Понаровская, Ирина Отиева, Батырхан Шөкенов, Нұржамал Үсенбаева, Стас Пьеха, Леонид Серебрянников, Мансур Ташматов, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бауыржан Исаев, Меруерт Түсіпбаева, «На-На», «Дос-Мұқасан», «Ақынай» топтары және басқалар бар.
Әндерден тыс, екі опера да жазған: «Алдар Көсе» және «Жер - Ұйық» рок операсы, екі музыкалық комедия, Абай өлеңдеріне және Қытай ақыны Ли-Боның туындыларына жазылған вокалдық топтамасы
екі симфониясы, «Махамбет» симфоникалық поэмасы, симфониялық оркестрге арналған песьасы, танымал аспапты музыкаға арналған туындылары үш алльбом, екі шекті аспаптарға, фортепианадағы үштік, екі шекті квартетке, фортепианадағы үштік, фортепианадағы квинтет, аспапты қойылымдар бар.
Әдбиетті бағындыруы кенеттен орын алған құбылыс десек те болады. Мұхамеджанов өлеңдерді кеш жаза бастады, алты жыл бұрын Жан Лун атты бүркеншек атпен жаза бастады. Оның алғашқы жинағы «Махабатты түсіндіру» атымен оқырмандарға жол тартты. Мәскеу қаласында жарық көрген бұл жинақ оқырман тарапынан үлкен қызығушылыққа ие бола алды, бұдан кейін екі жыр жинағы жарық көріп, бүгінгі таңда төртіншісі баспаға дайындалуда.
Т.Мұхамеджановтың еңбек жолы 11 жасынан басталды, жазғы демалыс кезінде ауылда хат тасушы болып жұмыс істеді. Жазғы маусымда ағаш аралауда, құрылыста жұмыс істеді. Кеңес армиясы құрамында әскери борышын атқарды, Семейдегі педогогикалық колледжде ұстаздық етті, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда дәріс берді. 1987 жылы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында директор қызметін атқарды.
Төлеген Мұхамеджанов - "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысының белді мүшесі және қозғалыс жетекшісі Олжас Сүлейменовтің досы және пікірлесі. Осынау халықтық қарсылықты туғызған ұйымның әнұранына айналған "Заман-ай" әнінің авторы.
1990 жылдан бері Т. Мұхамеджанов қоғамдық - саяси шаралардың бірқатарын ұйымдастыруда: олардың қатарында халықаралық "Азия дауысы" байқауы, Рухани Келісім Күндері аясында қайырымдылық акциялары да ұйымдастыруға ұйытқы болуда.
1998 -2004 жылдар аралығында Астана қаласы Әкімінің орынбасары, 2004- 2007 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, 2007 жылдан бері ҚР Парламен Сенатының депутаты.
Халықаралық «Рухани Келісім Конгресі» Қоғамдық Қорының Президенті.
2011 жылдың, 1 желтоқсанында Мәскеу қаласында «Мәдениет арқылы бейбітшілік» Халықаралық Ассоциациясы Президиумы мүшелерімен Халқаралық «Мәдениет арқылы бейбітшілік» Ассоциациясының Президенті болып сайланды.
Бұл салада атқарған жұмыстары қазақ мемлекетінің әлеуметтік-мәдени беталысын қалыптастыру және нығайтуға бағытталған, халықаралық деңгейде ел мәртебесін көтеруге қосқан еңбегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан жоғары бағаға ие болды. Төлеген Мұхамеджанов - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , "Парасат" орденінің иегері.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 31 қазандағы өкімімен "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды. 2012 жылғы 7 қарашада "Жыл адамы - 2012" Халықаралық сыйлығының "Мәдениет" аталымы бойынша иегері атанды.
2012 жылғы 1 ақпаннан бастап Төлеген Мұхамеджанов Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының мүшесі болып табылады. 2013 жылғы желтоқсанның 9-ындағы Елбасының Жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. 2014 жылғы наурызда "Махаббатыммен өзіңе" атты жаңа өлеңдер мен өсиет әңгімелер жинағы жарық көрді. 2014 жылғы 5 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын берді.
2014 жылғы 18 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалімен марапатталды. 13.11.2014ж. - Мемлекет басшысының Өкімімен Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды. |
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47