Пастораль
Біз жерде өткізетін қамшының сабындай қысқа ғұмырымыздың сұлулығын сезіну үшін Жаратушымыздан қоршаған әлемдей, оның асқар таулары, өзен-көлдері, қалың ну ормандары, тұлпар тұяғын тоздыратын қыраттары, қарқынды және тынық өзендері, көгілдір және жұлдызды аспаны түрінде сый алдық.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Жер ана туралы мысалЕртеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.
Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.
|