RU EN KZ

Махаббат

 

Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Көл туралы аңыз

Бұл – әлемдегі ең көркем көл. Оны бір ғана рет көрген адам, қайта келіп, айнадай көлдің айдынын, тереңнен тарайтын ғажайып сәулесін, көлдің тыныштығы мен әсемдігін сақтап, таңғажайып қайталанбас пейзаж тудыратын айбынды ормандары мен тауларын көрмесе тұра алмайды.

1_7.jpg

Көлді айнала қоршаған әрбір таудың өзіне тән мазмұнының қарапайымдылығы мен анықтығымен, жергілікті халықтың қоршаған ортамен бірігуге деген ұмтылысына қанық сюжетімен таң қалдырарлық аңызы мен тарихы бар. Бірақ көлдің өзіндік ғасырлар бойы осы қасиетті жерде болған жаңаша оқиғалармен толыққан, адами қарым-қатынастардың әр алуандығын сіңірген аңызы мен құпиясы ештеңемен салыстыруға келмейді. Және көлдің ортасында жалғызсырап тұрған тас үйіндісінің арқасында мұның барлығының құпиялығы арта түседі.2_7.jpg

 

image_499.jpg Ертеде, бұл жерде әлі көл болмаған кезде, жергілікті халықты әділетті әрі мәртебелі хан билеген. Ол өте күшті, мықты әрі сымбатты, ақылды әрі парасатты, аса бай әрі жомарт болған. Оның қарымды әскері, сұлу жұбайы, отар-отар қойлары, мыңдаған табын жылқылары болды, бірақ оның ең асыл байлығы, көзінің қарашығы – жар дегенде жалғыз ұлы еді. Хан ұлын алақанында ұстады, әрдайым қорғаштап, барлық жамандықтардан сақтауға тырысты. Өзі жауынгерлік өнерді: қылышпен шабысу, садақтан оқ атуды, аттың құлағында ойнауды, сонымен қатар, билеушіге қажет барлық даналықты үйретті, және бұл мәңгілік жалғасатындай көрінді.

image_500.jpg

 

Бірақ күндердің бір күнінде соғыс басталды. Қаһарлы, қатыгез дұшпанның әскері аш төбеттей бейбіт елге шабуыл жасап, орасан қайғы мен қасірет әкелді. Сонда хан өзінің ұлымен бірге әскер жинап, жауға қарсы шықты. Сұрапыл шайқас орын алды.

 

Ұрыс үш күн мен үш түнге созылды. Ақыр аяғында, хан мен жаудың билеушісі жекпе-жекке шықты. Ханның бұл айқаста жеңіске жеткенін көріп, дұшпан әскерінің үрейі қашты, барлық жиған-тергендерін қалдырып, соғыс алаңынан қаша жөнелді. Жаудың көптеген адамдары тұтқынға алынды, солардың ішінде сұлулығын айтып тауыспас ару болды. Ол айқас кезінде хан қолынан қаза тапқан жау патшасының қызы еді. Арудың сұлулығы қаншалықты ғажайып болса, оның жүрегін кермеген өшпенділік сезімі соншалықты қорқынышты болды, ал оның ойы мен арманында зұлым кек жоспары өрбіді.image_501.jpg

 

         Аруды хан алдына алып келгенде, ол жуас және сыпайы боп көрінді, көзін төмен түсіріп, күлімсіреп, оған ғашық екендігін білдірді. Ал шайқастан, соғыс алаңын бүркеген ажалдардан шаршаған патша сұлудың алаңсыз, періште бейнесіне ессіз ғашық болды. Арудың қатыгез жүрегінен шыққан махаббат жебесі осыған дейін тек өз халқы мен жақындары үшін соққан хан жүрегіне нық қадалды. Махаббат уының күштілігі соншалық – хан бір күннен кейін-ақ, өзі бар ынта-жігерін салып билеп келген халқының дәстүріне қарсы келіп, аруды екінші әйел қылып алуға бел буды.

         Көп ұзамай, жас кекшіл аруға бұл да аз көрінді. Ханға ұлының қаншалықты қымбат екендігін түсінген ол бозбаланың басын айналдыруды шешті. Бірінші кездесуде-ақ сұм сұлу көз тартарлық әдемілігімен жас жігітті еліктіріп, жүрегін жаралады.

         Ол оның теңдессіз ажарлығына тамсанды. Өткір де ерке, назды көзқарасына, сымбатты тұлға, балқытарлық бөксесінің иірімдеріне, күндей алтын бұрымды шаштарына қайран қалды. Арудың өшпенділік уы алғаш рет махаббат оты жанған бозбаланың жүрегіне ғашықтық жебесі боп қадалды. Сол ғашықтық отына еліккен жігіт сәби күнінен оның бойында парасаттылықты, отанға, туған жерге деген шексіз махаббат пен адалдықты тәрбиелеген әкесі мен анасының берген барлық өсиеттерін ұмытты. Ол тек өзін кернеген махаббат сезімімен әлек болды.

 Жас кекшіл ару да бозбаланың адал ниетіне, шырайлы ақжарқын жүзіне, айбатты тұлғасына ғашық болды. Тұла бойын өшпенділік сезімі кернеген сұлудың жүрегінде махаббат сәулесі еніп, жанын жылытты.image_502.jpg

Еліне оралғаннан соң, махаббат алауына құмартқан хан, жақындарының қарсылықтарына қарамастан, үйлену тойының күнін белгіледі. Ол жұбайының көз жасы мен қайғы-қасіретін, күннен-күнге шексіз махаббат пен ынтызарлықтан мұңая түскен ұлының жанарын байқамады, тек өзінің шұғыла шашқан махаббатын сезінді.

         Той күні де келді. Белгіленген күн қарсаңында жаршылар жан-жаққа хабар таратты, хан мен оның жас ғашығының тойын тойлауға қалың жұрт жиналды. Кеудесін қуаныш сезімі кернеген, әдемі киенген хан, жас бүркіт сынды тұғырға көтеріліп, қалыңдығын күтумен болды – бірақ ол келмеді. Біраз уақыт өткен соң, ол сабырсыздана бастады, жан-жағына қарайлап, тұғырдың үстінде тұрған патша қашып бара жатқан жастарды: өзінің ұлы мен ғашығын байқады. Хан қатты қапаланды. Осындай сатқындыққа зығырданы қайнаған ол жастардың артынан қуа жөнелді. Ұзақ па қысқа ма, әйтеуір, уақыт өте келе хан ғашықтарға тап болды. Ашу үстінде ол садағынан екі оқ атып, жастарды жаралады.

image_503.jpg

          Хан оларға жақындап келгенде, ғашықтар әлі тірі болатын. Олар қол ұстасып жатты. Өздері ажал аузында жатса да, мәңгілік махаббатта біріккен жастардың көздері енді олар әрдайым бірге болатындықтан, оларды енді ешкім де ештеңе де айыра алмайтындықтан, қуаныш нұрын шашып тұрғандай көрінді.

         Айналаны күңгірт тыныштық жайлады. Жас арудың көзінен үзілген бір тамшы жасы, кенеттен дидарында пайда болған мұңлы да мейірімді күлімсірегені хан жүрегіне терең бойлап, барлық болған жайды баяндады: бастапқыда кек қайтарудан туған ойын ханның жақындарының өмірін қиған ұлы махаббат қасіретімен аяқталғандығы мәлім болды. Ащы шындықты – өзін-өзі алдағандығын, екі жастың өмірін қыршыннан қиған баукеспеге айналғандығын түсінген хан құбылмалы тасқа айналды, содан бері сол тас өзіңдегі ақиқатты іздеудің символы болып қалды.

         Ал арудың жалғыз көз жасы мөлдір таза көлге айналды. Онымен қайта қауышқан сайын айнадай көл әрбір адамға махаббат өшпенділіктен күштірек екендігін еске салады. Аңыз бойынша, сол көлге бір рет түскен адам әлемнің ұлы кереметі – Махаббаттың құпиясы мен тереңдігіне бойлайды.

3_5.jpg  

 

 

 

 

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов