RU EN KZ

Махаббат

 

Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Сүйсініп тұрмын

закат  

Кештің батқан шағына сүйсініп тұрмын,

Еліктіріп, арбайды шақырып бүгін.

Толқып тұрмын қай сәтте келер деп құрбым,

Алып-ұшып жүрегім, үздігіп үнім.

 

Жалғызсырап аспан да жұлдыздар сөніп,

Айдың нұрын аңсайды мөлдірін төгіп,

Ай-ару келер тербеліп жаз самалымен,

Жастық көктемін сағынып түсінде көріп.

 

Айдан алқа тағынып нұрланды аспан,

Құрбым әлі келмеді тағатым қашқан,

Берші белгі аруға ақ жауыныңмен

Деп сұрадым көктен мен құшағын ашқан.

 

Күтемін оны келгенше, көмектесер түн,

Бұл кештің сыры беймәлім, ерекше ғой тым.

Түн бізге беріп батасын табысармыз-ау,

Махаббат көгі жаудырып нөсерін бір күн.

 дождь

 

Аударған Ш. Мустапина

06.02.2014ж.


 келесі бет>>>


<<<артқа

 

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов