Менің толғауларым
«Өзіңді танып біл, адамзатты танисың.» Бұл төрт сөзде біздің өмір жолымыздың құпиясы жасырылған. Мен өзімді, өзімнің жан-тәнімді, ішкі дүниемді тани алам ба, әлде өзімді осы сұрақтарға жауап іздеп әбігерге салмай, өзім арқылы өзгелерді тануға тырыспай, қаңбақшалдай желдің еркімен өмір уақытымен ұшып өтемін бе.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Мәңгілік өмір туралы аңызШіркін, ұзақ... мәңгілік өмір сүрсең ғой. Уақыт өткен сайын жасара берсең, мықтырақ, ақылдырақ, дәулеттірек бола берсең. Өзіңе талай нәрсе берілгенін сезініп, өзіңнің ерекшелігіңді, теңдесі жоқ екеніңді түсінесің... Ал жаратушының жазымын не істейміз? Құдай әрбір адамның өмірін жеке оның мүмкіндігіне, мақсаттары мен міндеттеріне орай өлшеп қояды емес пе?
Бірақ бұл бұрындары, адамзат баласы пайда болған шақта еді ғой, ал қазір жоғарғы технологиялар заманы, ұзақ өмір сүруге үміт беретін ғылыми жетістіктер заманы, сондықтан шектеулердің шекарасын бұзуға мүмкіндік те, негіз де бар.
Осылайша, өлместік сусынын табу бәйгесі басталды. Алхимиктер мен барлық сиқыршылардың сәтсіз өткен тәжірибелері, әлемді дүр сілкіндірген билеушілер мен жаулап алушылардың мәңгілік өмір сүруге құлшыныстары мен талпыныстары да ұмытылды. Мұның барлығы бос сөз сынды, сауатсыз адамдардың шиеленіскен жолдар торабындағы сансыз жаңылыстары сияқты, ал бүгін – үлкен жаңалықтар заманы, бұл біздің қолымыздан келеді. Расында, ғылым үлкен жетістіктерге жетті, табиғат ортасының беймәлім болған сырларына, гендік өзара байланыстарға көз сала алды. Осыған байланысты, адам өмірінің шегін жылжытуға сенім мен бірегей мүмкіндік туындап отыр. Күн демей, түн демей, әлемге өктемдік еткен адамдардың тілектері мен олардың шектен шыққан қалауларын орындап, баюға тырысқан басқалардың армандары жолында көптеген тәжірибелер мен зерттеулер өткізілуде, тірі жандар құрбандыққа шалынуда. Кейде мәңгілік өмірді аңсаған талай ұрпақтың аңсары, шешімі жоқ жұмбақ, ұстатпайтын жалын құсқа айналған арман алақанға қонатындай көрінеді, бірақ әрдайым ұлы бақ алдамшы сағымдай оған жақындай бергенде ғайып болады. Бұл күннен күнге, жылдан жылға, ғасырдан ғасырға жалғасуда. Қол жетпейтін, мүмкін емес нәрсе бар екендігі, өзгелердің, тіпті жануарлардың болсын, өмірін қиып, адамның опасыз жалған дүниедегі өмірін ұзарта алмайтындығы, берілген жазымды өзгертуге тырысқанның өзі – үлкен күнә екендігі ешкімнің ойына да келмейді. Жаратушының жерде орнатқан тепе-теңдігі мен үйлесімділігін бұзу мүмкін емес екендігін, ал ол бұзыла қалған жағдайда, кішігірім өзгерістер қиратарлық зардаптарға, ғаламдық апаттарға ұласатындығын, адамзаттың ұзақ өмірі емес, оның жер бетінен мүлдем жойылып кетуіне әкеп соғатындығын адамдар түсінбейді... Адам баласының қазірдің өзінде ұзақ, тіпті мәңгілік өмір сүруге мүмкіндігі бар екендігін, талайларды толғандырған жұмбақтың жауабын қисынын тауып шешуге болатындығын түсінбейді... Адам өзінің ұлы туындылары мен амал-әрекеттері арқылы мәңгілік өмір сүре алатынын түсінбейді... Сондықтан, өлімсіз өмірдің қайнар көзі әртүрлі дәрі-дәрмек пен сусындарда емес, шын көңілмен халыққа қызмет етуде, жасаған істеріңнің ізгі ниеттерінде, шығармаларда көрініс табатын талантта, берекелі өмірге жету жолында жасалған амалдарды жетілдіруде. Ең бастысы, өмір, сүрілген уақыттың ұзақтығымен емес, қажымас еңбегің мен шынымен мәңгілік өмір сүретін жаныңа жаратушының берген демеуінің нәтижесімен өлшенеді.
|
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47