Махаббат
Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Терең ойлар түйіні 2
Өткенді еске алып, бүгінгі күнмен өмір сүріп отырып, мынандай ойға келесің: тарихты көшіріп жазуға болады, бірақ, оны жадыңнан өшіру мүмкін емес.
Күнделікті күйбең тіршіліктің арғы жағынан күн сайын, сағат сайын, минут сайын жаныңда болып жатқан оқиғаларды байқау қиын, ол үшін бір сәтке тоқтап, ойлану қажет.
Шындық – екі жағы шектелген үшкір таяқ, онда ақиқат жоқ, ақиқат одан жоғары.
Адам өз ғұмырын ісімен, тірлігімен не ұзартады, не қысқартады.
Бір-бірін шын көңілмен түсінуге тырыспағандар кейде жай пікірталасқа ғана емес, дауға да барады.
Қарапайым адамның ақымақтығы күлкілі әзіл болуы мүмкін, ал басқарушының ақымақтығы күллі халық пен мемлекет үшін қайғылы.
Кез-келген табиғи апат – адам жіберген бумеранг.
Бізге қоршаған әлемді Жаратушының берген құдіретті сыйындай сүюді үйрену керек.
Лакмус қағазындағыдай, мемлекеттің кемшіліктері мен артықшылықтары оның жолдарында көрінеді.
Құдай адамдар үшін көптеген тілдерді жаратты, ал әуенді өзіне қалдырды.
От жалыны жылу бергенде көркемдігімен таң қалдырады, өрт кезінде үрей тудырады.
|