RU EN KZ

Менің толғауларым

 

«Өзіңді танып біл, адамзатты танисың.»

 

Бұл төрт сөзде біздің өмір жолымыздың құпиясы жасырылған. Мен өзімді, өзімнің жан-тәнімді, ішкі дүниемді тани алам ба, әлде өзімді осы сұрақтарға жауап іздеп әбігерге салмай, өзім арқылы өзгелерді тануға тырыспай, қаңбақшалдай желдің еркімен өмір уақытымен ұшып өтемін бе.

 

 

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Уақыт жүйрік шапқан аттай дабылы

*  *  *

 

Уақыт жүйрік шапқан аттай дабылы,

Күндер -түндер табар емес еш тағат.

Жүрегімнің от ұшқыны- жалыны,

Алаулаған сені көрген сәттен -ақ.

 

Сені ойласам жоламайды қаяу-мұң,

Көңілімнің гүлі қайта көктейді.

Сенің қолың, алақаның аяулы.

Көзің, ернің естен әсте кетпейді.

 

Сенің айтқан лебізіңді бал дертін,

Жан ыстығың қардың өзін еріткен.

Сенің қуат-құдыретіңмен әлдендім,

Айтсаң болды - кете берем еріп мен.

 

Басылмайды көңілімнің алаңы,

Күте-күте сол күнге де жетерміз.

Тағдыр сыйы - махаббаттың аралы,

Мекендейтін мәңгі - бақи екеуміз.

Аударған C.Тұрғынбеков

 23.12.2012ж.


 

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов