Композитор, ақын. ҚР-ның Мемлекеттiк Сый ақысының лауреаты, профессор, Халықаралық "Әлем мәдениет арқылы" қауымдастығының Президентi, Бүкiләлемдiк Рухани Мәдениеті Форумының тең төрағасы. 2012 жылдың 31 қазанынан бастап "Астана Опера" Мемлекеттiк опера және балет театрының бас директоры.
"Рухани Келiсiм Конгресi" Халықаралық Қоғамдық Қорының Президентi. ҚР-ның Қазақстан Федерациясы Шинкиокушинкай Каратэнің Президентi, ҚР-ның "Пиротехниктер Қауымдастығының" президенті. Үйленген, 4 баласы бар. Жұбайы Нұржамал Үсенбаева ҚР, Татарстан Республикасының Халық өнер шеберi, ҚР-ның Мемлекеттiк сый ақысының лауреаты..
Екі жинақтың жұмысы аяқталды. Жақын арада олар жарыққа шығады.
Бірінші жинақ "Менің жолым. Сөзсіз әндер" деп аталады. Оған 17 туынды кіреді. Бұл жинақ менің өмірлік жолым туралы сазды әңгіме шертеді. Диск ойшыл тыңдармандарға арналған.
Екінші жинақ – «Біржан Сал» кинокартинасына саундтрек.
8 және 9 маусым 2011ж. 13.06.2011 12:03
Мәскеуге іс-сапармен бардым. Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумының тең төрағасы, КСРО халық әртісі Иосиф Давыдович Кобзонмен, Юрий Михайлович Лужкомен және Инна Ипполитовна Немировскаямен кездесіп, 2011 жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін "Рухани мәдениет - Әлемді жандандырудың кілті" Халықаралық конференциясының мәселелерін талқыладық.
10 мамыр 2011ж. 13.05.2011 08:52
Белсенді түрде сайтты жандандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мереке күндері Бурабайда болдым. Таңғажайып жер. Неғұрлым көп барсаң, соғұрлым жиі қайта барғың келеді.
Бірнеше жаңа өлеңдер жаздым.
1 мамыр 2011ж. 12.05.2011 05:18
Нобель сыйлығы лауреаттарының Феск конференциясына қатысу үшін Мароккоға іс-сапарға дайындалдым. Өкінішке орай, Магадиш қаласында (Марокко)болған терактілер үшін, бұл сапар жүзеге аспады.