Ойнап та, ойлап та...
Біздің әрқайсысымызда кейде бізді шалғай жастық шаққа, әйтпесе балалық шаққа қайтарып, тым байсалды және қатал бола бермей, кейде өзімізге ерік беріп еркелік көрсетіп, әзілдеп күлдіретін тентек бала отыр.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Аян беретін түс
Бір күні есек түс көріпті, түсінде ол жылқы болыпты. Тұлпар тұяғын тоздырар кең-байтақ далада ол құстай ұшып, шауып келеді екен, қарсы соққан жел оның қарымды кеудесіне есіпті, ал айналадағы барлық жандар: «Не деген көркем жаратылыс, неткен қуат, неткен сымбат», - деп оның сымбатына таң қалыпты, және ол өзін мақтан етіпті. Бірақ ұйқыдан оянған сәтте, ол өзінің есек екендігін көрді.
Бұл ащы шындықтан көңілі қалған ол қайтсе де жылқы болуға бел буған екен, себебі оның қиялға толы түсінде ол өзін керемет мықты, әрі жылдам сезінді.
Осылайша, сансыз дайындықтар мен маңдай тер жаттығулар басталды. Өз мақсатына жету үшін есек бар ынта-жігерін салып, оған бойын өсіруге, аяқтарын ұзартып, тұрпатты қылуға, шабу жылдамдығын еселеуге, құйрығын ұзартуға азғана болсын мүмкіндік беретін ғылымның барлық жаңалықтарын зерттеумен болды. Іздеп тапқан жаңалықтарының барлығын тәжірибе жүзінде қоданып, іске асырды, алайда оның барлық талпынысы текке кетті. Мұны түсінген ол терең қайғыға батыпты, бірақ күндердің күнінде оның құлағын бір жануардың мынандай сөзі шалады: «Қараңдаршы, қандай көркем есек! Не деген сымбат, не деген күш?! Қандай жылдам, қандай епті еді өзі!». Жалт қарап, есек өзіне таңданып, көз алмай қарап тұрған жылқыны көреді, сонда ол өз арманының жолында төккен тері, жасаған еңбегі жемісін бергенін түсінеді, ол шынымен, өзінің қиялындағыдай болғандығына көзі жетеді. Ал жылқы болса, көркем есек болған неткен керемет деген ой түйіпті.
|
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47