Махаббат
Сарқылмайтын, биік те нәзік, әрі шексіз күрделі щығармашылық тақырып – ол махаббат тақырыбы. Әлемнің барлық ақындары бұл ұшы-қиыры жоқ, ақылға қонбайтын, терең сезім туралы өлең жолдарын, дастандар, сонеталар, арнаулар жазған, жазып келеді және әлі жазатын болады.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Тербеліп теңіздің толқыны
Тербеліп теңіздің толқыны,
Тіл қатып тұрғандай қарасаң.
Сипаса самал жел салқыны-
Бейне бір аялы алақан.
Толқындар сүйісіп,мәз болып,
Бесіктей тербетер мол ағын.
Теңізге аз екен-берерің,
Теңізден көп екен –аларың.
Көз алдың көк теңіз -әрқашан.
Қосылып қызығың –азабың.
Теңіздің тынысын тыңдасаң,
Сезесің жаныңа ғажап үн.
Толтырып жүрекке оны мен,
Тербеймін ән қылып - толғатып.
Теңізде бір болсам сенімен,
Бәрінен мен үшін-
Сол бақыт!...
Аударған C.Тұрғынбеков
23.12.2012ж.
|