Пастораль
Біз жерде өткізетін қамшының сабындай қысқа ғұмырымыздың сұлулығын сезіну үшін Жаратушымыздан қоршаған әлемдей, оның асқар таулары, өзен-көлдері, қалың ну ормандары, тұлпар тұяғын тоздыратын қыраттары, қарқынды және тынық өзендері, көгілдір және жұлдызды аспаны түрінде сый алдық.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Өтірік жайлыБұл жарық дүниеде қулығы асқан бір адам өмір сүріпті, ол адамдарды алдап-сулауға өте құштар болыпты. Бұл істе оған тең келетін жан жоқ екен. Шеберлігі асқан айлакер жай ғана алдап қана қоймай, барлық мүмкін әрі мүмкін емес жолдармен өз өтірігін шындыққа балап, жалған сөзін дәлелдеп әлек болады екен. Кейде адамдар оның ертегілеріне иланатын да болған. Адамдарды өз өтірігінің ырқына көндірген сайын ол мәз-мейрам болып, рахаттанып қалады екен. Өзінің осы шеберлігінің арқасында жаңағы адам керемет мансап құрып, байлыққа кенеліп, бақытты күндер кешіпті. Өзінің арам пиғыл істерінің шынайы мәнісін бар ынтасымен өтіріктің өрнегімен жасырып, оларды тек жақсы жағынан көрсетіп, іске асырыпты. Бірақ уақыт өте келе оның өтірігі арсыздана беріп, шеттен шыға бастайды, ал сол өтірікті дәлелдеудегі айла-тәсілдерінің қисыны жоғалады. Осылайша, адамдар оған сенуді қойып, оның айтқан әңгімелеріне мән бермей кетіпті. Ал бұл ісінің бұрыстығы оның ойына да келмеді, себебі ол басқа әлемде, жалғанға толы қиял әлемінде өмір сүрді, ең бастысы, ол жалған сөзден құралған тордың тұтқынына айналып, айтқан өтірігіне өзі сене бастады. Өтіріктің шырмауында қалған айлакердің қулығы таусылмайтындай көрінді. Бірақ... Күндердің бір күнінде біздің кейіпкер суға сүңгіп шығуды шешіпті. Ол өзенге кірген кезде су алдамшы жылы, әрі жібектей жұмсақ боп көрінді, өзеннің ерке ағысына бағынып, бір сәтке еркіндікке бой алдырғаны сол-ақ еді, шығып құтылу мүмкін емес су иірімі өзін тұңғиық судың тереңіне тартқандығын сезінді. Ол бар даусымен «Батып барам, көмектесіңдер!», - деп айғай салды. Ал оның өтірігінен шаршаған жағажайдағы адамдар бұл айлакердің кезекті әзілі деп ойлап, оған қол сермеген екен. Сөйтіп ол суға батып кетіпті. Осылайша жалғанды ақиқаттан күштірек санаған, өзгелерден шындықты жасырып, алдаудың көмегімен өз бақытын табуға болады деп сенген ұлы өтірікшінің өмірі абыройсыз, әрі өкінішті аяқталған екен.
|