RU EN KZ

Өзім туралы қысқаша деректер.....
тм   
 Төлеген Мұхамеджанов

Композитор, ақын. ҚР-ның Мемлекеттiк Сый ақысының лауреаты, профессор, Халықаралық "Әлем мәдениет арқылы" қауымдастығының Президентi, Бүкiләлемдiк Рухани Мәдениеті Форумының тең төрағасы. 2012 жылдың 31 қазанынан бастап "Астана Опера" Мемлекеттiк опера және балет театрының бас директоры.img_0695.jpg

"Рухани Келiсiм Конгресi" Халықаралық Қоғамдық Қорының Президентi. ҚР-ның Қазақстан Федерациясы Шинкиокушинкай Каратэнің Президентi, ҚР-ның "Пиротехниктер Қауымдастығының" президенті.
Үйленген, 4 баласы бар. Жұбайы Нұржамал Үсенбаева ҚР, Татарстан Республикасының Халық өнер шеберi, ҚР-ның Мемлекеттiк сый ақысының лауреаты.
.

  тм 2

mr.tolegenm@mail.ru

Төлеген Мұхамеджанов ғаламторда

 

Махаббат әуені


 

 

Официальные курсы валют в РК

 

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

ФОРУМ

Страницы: 1 [ 2 ] [ 3 ]

Жаңагүл 31.10.2015 09:38
Сәлеметсізбе Төлеген аға сіздің шығармашылығыңыздағы "Алдар көсе" операсынан музыкалық фрагменттер сайттағы музыкалар қорынан қатарынан орын алса жақсы болар еді.
0225

Тарас Наурызалi 19.08.2012 10:41
Құрметті Төлеген аға! Сәлемалейкум!
Мен Атыраудан Тарас есімді журналист бауырыңыз едім. "Алтын Орда" газетіне әндердің тарихын жазып жүргем. Сіздің Ұлықбек ағаның өлеңіне жазылған "Құс жолы" атты әніңізге деген махаббатым ерекше. Сол әннің тарихы қатты қызықтырады. Егер уақыт тапсаңыз, осы әніңіз қай жылы, қай айда (жылдың қай мезгілінде), қандай себепке немесе әсерге байланысты шыққаны туралы қысқаша жазып жіберсеңіз.Алдын ала рахмет!

Ответ:
Құрметті Тарас!
Сіздің сұрағыңызға жақын арада жауап беремін.

Т.Мухамеджанов

майра 11.06.2012 08:28
Қадірлі Төлеген Мұхамеджанұлы! Сізбен хабарласып отырғаныма қуаныштымын. Мен Мұхтар Шаханов басқаратын "Жалын" журналының қызметкерімін. Биылғы форумға қатысуға Мұхтар Шахановқа шақыру қағаз жібереміз деп бір адам хабарласқан екен. Байланыс телефондарын дер кезінде жазып алмағандықтан, өзіңізге тікелей шығуға тура келіп отыр. Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановқа шақыруды zhalyn@inbox.ru почтаға немесе тел./факс: 397-58-13 жіберулеріңізді сұраймыз.

Ответ:
Құрметті Майра!

Әрине, ақын, белгілі қоғам қайраткері, Мұхтар Шахановтың біздің Форумға қатысуы біз үшін үлкен мәртебе. Көрсетілген электрондық поштаға орыс тілінде шақыру қағазы жіберілді, қажет етсеңіз бірер күнде оның қазақ тіліндегі нұсқасын жіберетін боламыз.

Төлеген Мұхамеджанов

Гүлшара 02.06.2012 13:14
Сәлеметтісіз бе? Сіздей ағамен хабарласып отырғаныма қуаныштымын. Бүгін отбасыңызды Қазақстан телеарнасынан көріп, осы бағдарламадағы игі бастамаларды соңғы уақытта тамашалап жүрміз,мүмкін осындай көріністерден кейін мүмкіндігі бар адамдар жетімдерді қамқорлыққы ала бастасашы , қандай керемет болар еді.Бұған қалай қарайсыз?

Ответ:
Құрметті Гүлшара,

Ықыласыңызға рахмет! Жетім балалар мәселесінің біздің елімізде орын алғандығы өкінішті-ақ. Бұл бізге жат нәрсе. Бұрындары қазақ халқында "жетім" деген түсінік болмаған, балалар ешқанашда қараусыз қалмаған, ата-анасынан айырылған балалар ағайын-туыстарының тәрбиелеуінде болатын.
Бүгінгі таңда, өкімет тарапынан жетімдер үйіне қаншама көмек көрсетілгенімен, балаға жанұяны алмастыру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда Сізбен толықтай келісемін, егер жағдайы бар әрбір отбасы кем дегенде бір сәбиді бауырына басса, бұл мәселе түбегейлі шешілер еді.

Төлеген Мұхамеджанов

Бақытжан Бұхарбаев 06.04.2012 06:18
Құрметті Төлеген Мұхамеджанұлы!

Мен интернетте қазақтың ән-күйлері туралы бағдарламаны жүргізіп келем. Осы http://bit.ly/HcKOnn сілтеме арқылы өтіп, бүгінге дейін жарық көрген сандарымен танысып көрсеңіз болады. Сондағы мақсатым, қазіргі жастар ұлтымыздың құнды мұрасын ұмыт қылмай, оған қызығушылық танытып, тарихын білсе дегенім.
Осы бағдарламаның келесі сандарының бірін өзіңіз жазған "Қимай сені барамын" әніне арнасам ба деп едім.
Егер сізді әуре қылмаса, маған осы әніңіз жайлы қысқа мағлұмат керек еді. Қай жылы жазылды, шығу тарихы қандай, қандай жағдайда жазылды, не түрткі болды сияқты деген сұрақтарға жауап алғым келеді.
Алдын ала алғысымды білдірем.

Ізгі ниетпен, Бақытжан Бұхарбаев

Ответ:
Құрметті Бақытжан Бұхарбаев,

Қазақ өнерін дәріптеу жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
Әрине, Сіздің қойған сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
Алдымен, «Қимай сені барамын» әнінің шығу тарихына тоқталсақ. Бастапқыда бұл ән тек әуен ретінде жарыққа шығып, көпке дейін жеке дара мелодия ретінде өмір сүрді. Кейіннен досым, ақын әрі қаламгер, Шөмішбай Сариевке бұл әуенге өлең жолдарын қосып, ән ретінде шығарсақ деп ұсыныс жасадым. Ол әуенге алты нұсқада сөз жазды, менің таңдауым ең соңғы нұсқаға түсті. Осылайша, әуенім «Қимай сені барамын» әні ретінде өмірде өз жалғасын тапты. Бұл екі бірдей өнер адамының арнайы бірігіп жасаған еңбегінің нәтижесі.
Қоңыр күздің маужыраңқы шуағы адам жүрегінің тереңінен тылсым, таңғажайып сезімдерді оятады, дәл осы сезім осы әуенді жазуға арқау болды. Күз мезгілі тек табиғатта ғана болатын кезең емес, адам өмірінің де бір белесі деп білемін. Содан болар, өмірімнің бұл белесімен қимай қоштасқаным, әннің сөзінде де мына жолдар арқылы көрініс тапты:
«Қош бол, бақыт құс, қимай сені барамын...»

Төлеген Мұхамеджанов

Күлжән 01.04.2012 15:28
Құрметті,қадірменді жерлес,қараймын өңініз бұрыннан таныс сияқты,жүзіңіз жылы менің аға бауырларыма ұқсатам,ұруыныз кім болады? /кешіріңіз/білгім келеді өйткені зерттеумен келе жатырмын шежірені.

Ответ:
Құрметті Күлжән,

Шежіре зерттейтіндігіңізден айтайын, руым - найман, орта жүзбін. Алайда өзімді жеке бір руға, не болмаса жүзге жатқызып, өзгелерді жатсынған емеспін, мен - қазақпын!

Төлеген Мұхамеджанов

Үміт Болатбекқызы 08.11.2011 16:32
Қадірлі Төлеген Мұхамеджанұлы! Сіздің шығармашылық жетістіктеріңізге бас иемін. Шығармашылық жолыңызды Беген ауылының Нұрлан деген оқушысы менің жетекшілігіммен терең зерттеп жүр.Сіздің еңбек жолыңызды үлгі-тұтамызСізбен біз мақтан етеміз. Беген ауылының сөнбес жұлдызы болып жүре беруіңізге тілектеспін.

Ответ:
Құрметті Үміт!
Тілектеріңізге рахмет! Қашанда Беген менің жүрегімде!
Т. Мухамеджанов

Гаухар 09.09.2011 09.09.2011 14:30
Здравствуйте Уважаемый Толеген Мухамеджанович!
Я большая поклонница вашего творчества. Нуржамал Усенбаева для меня редкое сочетание таланта и красоты.
Я пишу музыку и стихи. Недавно написала ко 20летию Независимости авторскую песню "Казахстан".Хотела бы что бы Вы прослушали и дали свою оценку. Получить бата от такого человека как Вы, для меня большая честь.

Ответ:
Гаухар!
Спасибо Вам за Ваше внимание к моему творчеству. Я считаю, что в душе каждого человека есть его мелодия, его слово. Поэтому я приветствую написание Вами песен. В случае знакомства с Вашей мелодией, разумеется, я выскажу Вам своё мнение.
Спасибо.
Т. Мухамеджанов

Ammar Banni 31.08.2011 16:09
Dear Tolegen,
I think that you still remember of the one Algerian who attended the Global Forum of Spiritual Culture! I recognize your high artistic talent that springs from an inspiration and a spiritual conviction.

Ответ:
Dear Ammar Banni!

Of course, I remember you! Thank you for your warm words. See you again!

T.Mukhamejanov

Гульден, Ксения, Анна, Марат 27.07.2011 13:37
С Днём Рождения, Толеген Мухамеджанович!!!
Желаем, чтоб жизнь никогда не кончалась,
Беда и печаль на пути не встречались,
Вечного счастья, хороших друзей,
Успехов, здоровья и солнечных дней!
Пускай душа не знает холода,
Как ясный день, как сад в цвету.
Пусть будет сердце вечно молодо,
Добром венчая доброту!

*Имя:


E-mail:


*Текст:


*Подтвердите, что Вы не робот:
  


Внимание! Отправленное сообщение появится только после проверки администратором сайта!
 
Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов