Композитор, ақын. ҚР-ның Мемлекеттiк Сый ақысының лауреаты, профессор, Халықаралық "Әлем мәдениет арқылы" қауымдастығының Президентi, Бүкiләлемдiк Рухани Мәдениеті Форумының тең төрағасы. 2012 жылдың 31 қазанынан бастап "Астана Опера" Мемлекеттiк опера және балет театрының бас директоры.
"Рухани Келiсiм Конгресi" Халықаралық Қоғамдық Қорының Президентi. ҚР-ның Қазақстан Федерациясы Шинкиокушинкай Каратэнің Президентi, ҚР-ның "Пиротехниктер Қауымдастығының" президенті. Үйленген, 4 баласы бар. Жұбайы Нұржамал Үсенбаева ҚР, Татарстан Республикасының Халық өнер шеберi, ҚР-ның Мемлекеттiк сый ақысының лауреаты..
Құдықтың тереңдігі ұлғая берген сайын оның суы тазара береді, сол сияқты жан-дүниеңді көбірек қазбалай берген сайын, қателіктерің азая береді.
Шындықты жасырсаң – жалғанға тап боласың.
Ақымақтықсыз кемеңгерлікке жол жоқ, тек жаңылыстар шеңберінде даналықты тануға болады.
Жас – сенімге негізделген түсінік, өткерілген өмір оның ұзақтығымен емес, сапасымен өлшенеді.
Өзіңді ұлықпен салыстыр, кім екеніңді түсінесің.
Өзіңді тану үшін әлемді таны.
Жеккөрушілік, сүйіспеншілікті жеңіп, зұлымдық атты зор қателіктер жасайды.
Таза қағаздың беті қандай бос болса, дәл солай білімсіз адам да бос.
Жемқорлық ұрлықтан да сорақы. Ұры тек қылмыскер. Жемқор – ұры да, билеуші де, төреші де, өзінің нағыз жүзін ізгілік бетпердесімен жасырған.
Махаббатта өзіңді сүю - өзімшілдіктің ең жоғарғы көрінісі.
Дене фәнилік, ал жан мәңгілік.
Ешқайда апармайтын жол белгісіздікке әкеледі.
Аспан күндізжетім, кешке жұлдыздарын жағып жарық боп көрінеді, барлық кінә өз сәулесімен көзді шағылыстыратын күнде. Сол сияқты, билік, егер ол аса құдіретті болса, біздің санамызды бүркейді, және біз айқын шындықты көрмейміз.
Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, оны жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен. артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді.
Орындалған арман, дағдылы күнге айналады.
Өзімен өзің боп атамекеніңде тоқ әрі бай болып өмір сүруің мүмкін, бірақ бақытсыз боласың. Немесе атамекеніңмен өзіңнің жүрегіңде өмір сүріп, бақытты болуың мүмкін.
Ұлтшылдық, ұлтжандылықтан алыс түсінік, себебі ол өзіне басқа халықтардың мүдделеріне қарсы келіп, мемлекеттің іргетасына сызат түсіретін бірегейліктен туады.
Елін әржаққа «Халқымды сүйемін!», деп жар салған адам емес, әр күн сайын қоғамның қамы үшін өз жұмысын үнсіз атқаратын адам сүйеді.
Өзімшілдігіңнің мұздықтарын ерітіп, оларды халыққа махаббат пен ізгіліктің бұлағы ретінде сыйла.
Ең пәк, әрі көркем бастама мен оқиғаның өзінен, онда жоқ нәрсені – өзінің рухани кемістігін тауып, көре алатын адамдар таң қалдырарлық.