RU EN KZ

Өзім туралы қысқаша деректер.....
тм   
 Төлеген Мұхамеджанов

Композитор, ақын. ҚР-ның Мемлекеттiк Сый ақысының лауреаты, профессор, Халықаралық "Әлем мәдениет арқылы" қауымдастығының Президентi, Бүкiләлемдiк Рухани Мәдениеті Форумының тең төрағасы. 2012 жылдың 31 қазанынан бастап "Астана Опера" Мемлекеттiк опера және балет театрының бас директоры.img_0695.jpg

"Рухани Келiсiм Конгресi" Халықаралық Қоғамдық Қорының Президентi. ҚР-ның Қазақстан Федерациясы Шинкиокушинкай Каратэнің Президентi, ҚР-ның "Пиротехниктер Қауымдастығының" президенті.
Үйленген, 4 баласы бар. Жұбайы Нұржамал Үсенбаева ҚР, Татарстан Республикасының Халық өнер шеберi, ҚР-ның Мемлекеттiк сый ақысының лауреаты.
.

  тм 2

mr.tolegenm@mail.ru

Төлеген Мұхамеджанов ғаламторда

 

Махаббат әуені


 

 

Официальные курсы валют в РК

 

 

 

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

Жаңалықтар 2011ж.

 

 

 

Құрметті Достар!

Табалдырықтан аттап кірген жаңа 2012 жыл құтты болсын!

Өткен жыл қарама-қайшы оқиғаларға қанық, қызу жыл болды.

Уақыттың өзі рухани байлықтың негізі болып табылатын, әрі адамның санасын шыңдайтын даналыққа, игі істерге, махаббатқа, адамгершілікке, тазалыққа деген қажеттілікті айқындап берді.

Жаңа жылда бізді қоршаған әлем бейбітшілік пен қауіпсіздік жолында үлкен жеңістерге жетсін, адамдар бір-біріне қайырымды әрі адал болсын.

Алға қойған барлық мақсаттарыңыз, шығармашылық пайымдарыңыз орындалып, ақ үміттеріңіз ақталсын! Ол үшін Сіздерде әрдайым рухани және физикалық күш, энергия мен батылдық тасып тұрсын. Жандарыңызды өздеріңізге қымбат адамдардың қолдауы мен махаббаттары жылытсын.

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға бақыт, қуаныш, денсаулық пен амандық тілеймін!

2012 жыл Сіздерді жарқын болашақтарыңызға жеткізетін баспалдақтың жаңа сатысы болатынына сенімдімін!

Төлеген Мұхамеджанов

 

 


 

 - 25 қараша күні Төлеген Мұхамеджанов «Нұр Отан» партиясының XIV съезінің жұмысына қатысты. Аталмыш кездесуде ҚР-ның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бағдарламалық сөз сөйледі, сонымен қатар, ҚР-ның Мәжілісіне сайлауға қатысуға партиялық тізім бекітілді.


 

23 қараша 2011 ж. Төлеген Мұхамеджанов Еуропалық және Азиялық Медиа Форум аясында Никита Михалковтың «Цитадель» атты фильмінің тұсаукесеріне қатысты

 

«Керемет әсер алдым! Осы орайда, мені таң қалдыратыны – кей адамдар ең мөлдір, таза, көркем бастамада, идеяда, оқиғада, онда жоқ нәрсені - өзінің рухани залалдығын көре алады»


 

 

 - 8 қараша Төлеген Мұхамеджанов «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестиваліне қатысты

 

 


 

 - 6 қараша Төлеген Мұхамеджанов Семей қаласында  бапкер, Ерсаин Мұхамеджановтың құрметіне арналған 7-ші баскетбол бойынша халықаралық турнирдің жабылу салтанатына қатысты. 


 

 

- 3 қараша 2011 ж. Төлеген Мухамеджанов сыйлы қонақ ретінде Йосиф және Нелли Кобзонның лағылды тойына қатысты.

 


 

 

Құрметті достар!
Қазанның 18 күні Қазақстанда Рухани Келісім Күні аталып өтпек.

Таптық, ұлттық және діни айырмашылықтарға қарамастан, отандастарымызды бір үстелдің басына қосатын астарды өткізу аталмыш мерекені тойлаудың дәстүріне айналды.

Мерекелік ас «Әлемде бейбітшілік, ауызбіршілік және махабат орнасын!», - деген тілектен басталады. Бұл күні жалғыз және кәрі адамдарға, ауру және кемтар адамдарға ерекше назар аударылады.

Біз осы Рухани Келісім қозғалысының сіздердің жүректеріңізден, сіздердің елдеріңізден үн тапқанын қалаймыз. Аталмыш шара әлемде Мейірімділік, Адамгершілік, Қайырымдылық және Береке-бірліктің негіздерін қалайды деп және бүкіл адамдарды біріктіреді деп сенеміз. Сол кезде әртүрлі елдерде және әртүрлі континенттерде бір сезіммен, бір ұмтылыспен және бір ерікпен біріккен миллиондаған адамдар Алла Тағаланың берген жақсылықтары мен ырыздықтарына алғыс айтумен, және бір-біріне саулық тілеумен мерекелік дастархан алдында жиналады.


 

- 28 қыркүйекте Төлеген Мұхамеджанұлы «Хабар» телеарнасының 100% мемлекеттік тілде хабар тарату және жаңа  «Мәдениет» телеарнасының ашылу тұсаукесерлеріне қатысады.


 

 

- Дәл қазір белсенді түрде «Рухани мәдениет - әлемді жандандырудың кілті» конференциясына дайындық жүргізілуде.

astanaforum.kz 


 

 

3 қазанда Нью Йорк қаласында 

Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы жайлы голливуд жұлдызы Арманде Ассанте түсірген фильмнің тұсаукесер рәсімі өтеді.

 


 

 

-  «Менің жолым. Өлеңсіз әндер»  және «Біржан Сал» кинофильміне саундтректі қамтыған  екі дискі дайын болды. Автор бұл музыкалық шығармаларында өзінің өмір жолын қамтыған десе де болады.

«Жылдың төрт мезгілі - адам өмірінің төрт кезеңі іспеттес. Көктем -балдырған балалық  шағы,   жаз - жастық шағы, күз - жетілу шағы, қыс - қорытынды жасау кезеңі.   Әрбір маусым өзіндік эпизодтарымен есте қалады.  «Біржан Сал» кинофильміне түсірілген саундтректе  - қазақ әндерін насихаттаушы танымал ақын, сазгердің өмір жолын қамтыған ескерткіш  іспеттес» .



 

 

 

 

 

 

Қадірлі достар!

 

 

Менің сайтымның   қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқасы  ашылды. Сайтты қолдану барысында туындаған уақытша қиындықтар үшін кешірім өтінемін. Тілдік нұсқалары кәзір дайындалу үстінде.

Қызығушылық танытқаныңыз үшін көп рахмет!

Т.Мұхамеджанов. 



 

Менің шығармашылығыма білдірген қызығушылығыңыз үшін алғысымды білдіремін. Өздеріңіздің ұсыныстарыңызбен пікірлеріңізді менің жеке поштама жолдауларыңызды сұраймын.  

mr.tolegenm@mail.ru


 

 

 

 

 

 

- 2011 жылдың шілде айында Францияда Төлеген Мұхамеджановтың француз және орыс тілдерінде «Мәңгілік аспан туралы» жыр жинағы жарық көрді.


 

- 2011 жылдың 10 маусымында Төлеген Мұхамеджановтың жеке сайтының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

"Бұл мен үшін ерекше оқиға болды. Бүгінгі таңға дейін мен өз шығармамды жарнамалаумен шұғылданып көрмеген едім. Мен үшін ең бастысы, тыңдарман шығарманың кімдікі екенін білмесе де орындаса болды, өздерінің жан сарайын ашар ойлар мен сезімге ие болса болды деп ойлайтынмын. Рубикондағы жол өткелінен өтіп келе жатып өзімнің бұл көзқарасымды өзгерткен жөн деп шештім. Мен үшін маңызды және қызықты болады, сіздердің әрқайсыларыңыздың пікірлеріңізбен лебіздеріңіз, сол арқылы алдағы шығармашылық дамудағы соқпағымның жаңа сүрлеулерін  табарым сөзсіз".

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Сазгер Мұхамеджанов