Менің толғауларым
«Өзіңді танып біл, адамзатты танисың.» Бұл төрт сөзде біздің өмір жолымыздың құпиясы жасырылған. Мен өзімді, өзімнің жан-тәнімді, ішкі дүниемді тани алам ба, әлде өзімді осы сұрақтарға жауап іздеп әбігерге салмай, өзім арқылы өзгелерді тануға тырыспай, қаңбақшалдай желдің еркімен өмір уақытымен ұшып өтемін бе.
сСізге біздің сайттан не ұнады?
|
Әлем мен Адамның жаратылысы туралы мысал
Ақиқатты білмегеннен соң, адам қателіктер жасай бастады, олар күннен-күнге арта түсті, және ақыр аяғында Құдайдың жаратқан жәннаты өзінің келбетін жоғалтып, бұрынғы түріне ұқсамай кетті. Бұны түсінген адам өзінің жаратылу себебін, өмірінің мәнін іздей бастады, және Құдайды, Оның ақыл-өсиеттерін, нұсқауларын есіне алды, бірақ бәрібір өзінің қателіктерінің хақ себебін түсіне алмады, Жаратушыға өз зарын естірте алмады, және жәннаттың құлдырау үрдісін тоқтата алмады.
Сол кезде адам жерге түсті. Жер бір ғана адам үшін тым үлкен болды, және адам өзінің көп болатынын шешті. Осылайша, адамзат пайда болды. Адамзат жер бетіне қоныстана бастады, жерді бөліп, бір-біріне ұқсамас үшін, әртүрлі тілдер, киімдер, түрлі терінің, көздің, шаштың түстерін жаратты, және сайып келгенде мемлекеттер құра бастады.
Басқалардың жері кеңірек, құнарлығы молырақ екенін түсінгенде, адамдарда тартып алып, өзгенікін иемдену тілегі туындады, сол себепті олар өздеріне ұқсастарды жойып жіберу қаруларын жасап үйренді, уақыт өте келе бұл қарулар одан да қорқынышты, одан да мейірімсіз бола түсті.
Бұдан кейін, соғыстар, байлықты мақсат тұтқан соғыстар басталды, өйткені адамға түсініксіздікпен және өмірдің мәні мен ақиқатты танымағандықпен бірген келген сараңдықтың шегі жоқ болып шықты.
Не істеу керек? Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, Құдайды өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін, Жаратушыны, және жәннатты тек бірге ғана қайтаруға болатынын түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, бірыңғай хорда мәңгілік құндылықтарды: жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен махаббатты, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек. Иә, бұл қиын, тіпті еңсерілмейтін жол, дегенмен, біз ол жолмен жүріп өтуге міндеттіміз, себебі басқа жол жоқ.
|
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента
Тел: +(7172) 74-70-79
Тел./факс +(7172) 20-85-47