RU EN KZ

Пастораль

 

Біз жерде өткізетін қамшының сабындай қысқа ғұмырымыздың сұлулығын сезіну үшін Жаратушымыздан қоршаған әлемдей, оның асқар таулары, өзен-көлдері, қалың ну ормандары, тұлпар тұяғын тоздыратын қыраттары, қарқынды және тынық өзендері, көгілдір және жұлдызды аспаны түрінде сый алдық.

сСізге біздің сайттан не ұнады?

• Өлеңдер
• Музыка
• Фототоптама

«Астана қаласының құрметті азаматы»

Төлеген Мұхамеджановқа «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

2014 жылдың 5 шілдесінде Мемлекет басшысы«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Т. Мұхамеджановқа «Астана қаласының құрметті азаматы» жоғары марапатын табыс етті.                     

Астанада тұрып жатқанына 17 жылдың жүзі болған Т. Мұхамеджанов, осы уақыт ішінде қаланың адам сенгісіз өзгергенін айтады. Оған астананың негізі қаланған тұста қызмет етіп, қаланың дамуына өз үлесін қосу бұйырыпты. «Ол кезде елорданы Алматыдан Астанаға көшіргеннен бірдеңе шығады дегенге ешкім сенген жоқ. Енді, міне, бір адамның арманы мен сенімі шындыққа айналды. Елорда күннен-күнге құлпырып, өсіп келеді! Бас қала қаншама адамның тағдырын шешті, олар өмірдегі өз орындарын тапты, мен де сол көптің бірімін, сол себепті бұл бір адам сенгісіз үдеріс болды деп есептеймін. Мен еліміздің Президентіне, кезінде Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етуге шақыру туралы шешім қабылдағанына  алғысымды айтамын. Қаланың адам тағдырына әсер ету үдерісі күні бүгін де жүріп жатыр. Ондаған, жүздеген мың адам өз өмірін осы әсем қаламен байланыстырды», - деп атап өтті театр директоры.

«Бір жыл бұрын бізде тамаша театр бой көтеріп, көптеген адамның еңбек етуіне мүмкіндік берді. Осы Өнер ордасында жұмыс істеп жатқан 800 жуық адам күн сайын жұмысқа орасан зор құлшыныспен келеді. Театр қаншама қала тұрғынына жақсылықтың үміт отын жақты. Бүгінде жай қала тұрғызылып жатқан жоқ, осы шаһарды салу арқылы, осы оқиғаның маңыздылығын ұғыну арқылы мүлдем басқа адам болатын еліміздің азаматы қалыптасып жатыр деп есептеймін. «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын иелену – үлкен қуаныш және үлкен жауапкершілік, сол себепті қызметтің бұрын атқарылғаны болмайды деп есептеймін, жаңа күн жаңа мақсаттар жүктейді, жаңа белестерді бағындыру керек», - деп толықтырды Төлеген Мұхамеджанов.


«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Байланысу

Республика Казахстан, 010000

г.Астана, Левый берег, дом Сената Парламента

Тел:           +(7172) 74-70-79

Тел./факс +(7172) 20-85-47


 

2011 © Copyright
Композитор Мухамеджанов